Пике футболшы карьерасын қайта жалғастырғысы келеді

«Барселона» мен Испания құрамасының бұрынғы қорғаушысы Жерар Пике футболшы карьерасын қайта жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.
Relevo мәліметінше, футболшы өзіне тиесілі «Андорра» клубында ойнағысы келеді.
Пикеге карьерасын қайта бастауға «Андорра» өнер көрсететін Испания чемпионаты екінші дивизионының қаржылық ережелері кедергі келтіруі мүмкін.
Еске салайық, 2022 жылдың күзінде 35 жастағы Пике каталониялық клубтағы ойыншы карьерасын аяқтайтынын жариялаған болатын.
Фото: relevo
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или