«Қайсар» Әзірбайжанның екі дүркін чемпионымен ойнайды

11 қаңтарда қызылордалық «Қайсар» Анталияда «Шамахы» командасымен сынақ матчын өткізеді. Бұл туралы Әзірбайжан клубының баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Команда 2022/2023 жылғы Әзірбайжан чемпионатында 18 турдан кейін 13 ұпаймен жетінші орында тұр.
Шамахы – «Қайрат» пен «Ордабасыдағы» жұмысымен танымал Кахабер Цхададзенің басшылығымен екі рет Әзірбайжан чемпионы (2007/2008 және 2009/2010 маусымдарында) атанған «Интер Баку» клубының заңды мұрагері.