Футзал

«Қайрат» АФК қақпашысы әрі капитаны Игита маусымның бірінші жартысын қорытындылады

«Қайрат» АФК қақпашысы әрі капитаны Игита маусымның бірінші жартысын қорытындылады

Алматылық «Қайрат» АФК қақпашысы әрі капитаны Игита биылғы маусымның бірінші жартысы қалай өткенін айтып берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Маусымның бірінші жартысы қиын болды. Жарақатымды жеңе алмадым және командамен күнделікті жаттыға алмағаныма, матчтарда әріптестеріммен бірге алаңға шыға алмағаныма өкіндім. Емдеу барысындағы белгісіздік алғаш рет мансабымды үзуге мәжбүр етті. Бірақ қазір жағдайымды жақсартқаннан кейін жақсы көңіл-күймен бұл жарақатты 100% жеңемін деп ашық айта аламын. Жақында алаңда кездескенше. Бәрі бір Алланың қолында, әр нәрсенің өз уақыты бар, емі қауіпсіз әрі толық болуы үшін заманауи медицинаға сену керек! Алға, Игита! Сен мықтырақ болып ораласың», –деп жазды спортгы Инстаграмда.

Еске салайық, Игита жарақатына байланысты Чемпиондар лигасының элиталық кезеңінде, сондай-ақ Қазақстан кубогының төрттік финалында «Қайратқа» көмектесе алмады.

Фото instagram.com/leohiguita2

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0