Аустралиядағы United Cup турнирінде Жібек Құламбаева швейцариялық теннисшіден жеңіліп қалды

Аустралиядағы United Cup турнирінде Жібек Құламбаева швейцариялық теннисшіден жеңіліп қалды

<span>Аустралияда тұңғыш рет United Cup командалық турнирі өтіп жатыр, В тобында үш команда - Польша, Швейцария және Қазақстан бақ сынауда, деп хабарлайды Prosports.kz.</span>

Төртінші ойында Жібек Құламбаева Гиллес Тайхманнан жеңіліп қалды – 3:6, 2:6. Осылайша, Швейцария мерзімінен бұрын жеңіске жетті – 4:0.

Бұған дейін Александр Бублик Стэн Вавринкомға есе жіберген болатын. Бір күн бұрын швейцариялық Белинда Бенчич Юлия Путинцеваны жеңді. Тимофей Скатов Марк-Андреа Хьюслерден жеңіліп қалған.

Ертең, 31 желтоқсанда Юлия Путинцева әлемнің бірінші ракеткасы Ига <span>Ш</span>вентекпен, Тимофей Скатов польшалық Даниэль Михальскиймен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или