«Астана» футбол орталығының директоры қызметінен кетті

Тараптың өзара келісімі бойынша, «Астана» футбол орталығының директоры Арсен Іңкәрбеков қызметінен кетті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Арсен Үкібайұлы «Астана» футбол орталығының басшысы болып 2022 жылдың ақпан айында тағайындалып, бас қаламыфздағы балалар мен жасөспірімдер футболын дамытумен айналысты.

Басшылықиың жемісті еңбегінің көрсеткіші - «Астаналық» балалар УЕФА Жасөспірімдер лигасына жолдама алды, Қазақстан чемпионатында клуб атынан лайықты өнер көрсетті.

«Астана» футбол клубының ұжымы Арсенге осы уақыт ішінде атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, мансап жолында жетістіктерге жете беруіне тілек білдіреді», - делінген клуб хабарламасында.