Әлем футболы

АПЛ: Эрлинг Холанд әкесінен озды

АПЛ: Эрлинг Холанд әкесінен озды

«Манчестер Сити» шабуылшысы Эрлинг Холанд Англия Премьер-лиганың 17-турындағы «Лидс Юнайтедпен» ойында дубль жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Осылайша, 22 жастағы норвегиялық Премьер-лигадағы 19 және 20-голын соғып, АПЛ-дағы гол саны бойынша әкесі Альфа-Ингеден озды. 

Үлкен Холанд Англия чемпионатында 181 матчқа қатысып, 18 рет көзге түскен. Ал Эрлинг 20 голды бар болғаны 14 ойында соғып отыр.  

Айта кетейік, Холанд АПЛ тарихында ең жылдам 20 гол соққан ойыншы атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0