«Барыс» хоккейшілері ҚХЛ матчында үздік атанды

Астаналық «Барыстың» хоккейшілері Құрлықтық хоккей лигасының жеңісті матчынан кейін ойыны үшін екі жұлдызға ие болды, деп хабарлайды Prosports.kz ҚХЛ сайтына сілтеме жасап.
Кездесудің бірінші жұлдызы қазақстандық клубтың капитаны Линден Вэй болды, оның ойынын ҚХЛ былай деп сипаттады: «Матчта екі нәтижелі пас берді». Матчтың екінші жұлдызы атағын «Барыстың» америкалық шабуылшысы Джереми Бракко иеленді: «Ол нысанаға төрт соққы жасап, гол соқты». Астаналық командадан жеңіс голын Никита Михайлис соқты.
Айта кетейік, бұл жеңістен кейін «Барыс» қоржынында 43 ұпаймен ҚХЛ Шығыс конференциясының сегізінші қатарында қалды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или