Әлем футболы

Катарда өткен әлем чемпионатында Месси тұрған бөлме мұражайға айналады

Катарда өткен әлем чемпионатында Месси тұрған бөлме мұражайға айналады

2022 жылғы әлем чемпионаты кезінде Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси тұрған бөлме мұражайға айналатыны белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бір кісілік екі кереует, үстел, креслолар мен диван бар бөлме шағын мұражайға айналады. Идея авторлары 2022 жылғы әлем чемпионаты кезінде бөлмеде болған интерьерді барынша сақтауға тырысатыны хабарланды. 

2022 жылғы әлем чемпионатының үздік ойыншысы атанған Месси В201 бөлмеде тұрған. Шағын мұражайдың ашылу күні әлі жарияланған жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0