Волейболдан Қазақстан чемпионаты: 2-тур ойындары аяқталды

Волейболдан Қазақстан чемпионаты: 2-тур ойындары аяқталды

Талдықорғанда волейболдан әйелдер командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының 2-туры аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Соңғы ойын күнінің матчтары мынадай нәтижемен аяқталды:

«Қуаныш СК» (Петропавл) – «Алтай» (Өскемен) 0:3 (12-25, 15-25, 16-25)<br />«Ертіс» (Павлодар) – «Қарағанды» 3:2 (21-25, 18-25, 25-23, 27-25, 15-13)<br />«Тұран» (Түркістан) – «Қуаныш» (Петропавл) 0:3 (13-25, 11-25, 14-25)<br />«Алтай-2» (Өскемен) – «Алматы» 0:3 (15-25, 23-25, 24-26)<br />«Ару-Астана» (Астана) – «Жетісу» (Талдықорған) 0:3 (18-25, 19-25, 19-25)

Екі турдың қорытындысы бойынша Өскеменнің «Алтайы» турнирлік кестеде сенімді көш бастап тұр (10 кездесуде 10 жеңіс), одан кейінгі орындарда «Қуаныш» (9 жеңіс) пен «Алматы» (8 жеңіс) жайғасқан.

Келесі тур жаңа жылда Өскеменде өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или