Басқа

Мысырда спорт кешенінің трибунасы опырылып, 27 адам зардап шекті

Мысырда спорт кешенінің трибунасы опырылып, 27 адам зардап шекті

Каирге жақын орналасқан 6 Қазан қаласында Хасан Мұстафа атындағы спорт кешенінде трибуналардың бірінің металл конструкциялары опырылып түсіп, 27 адам зардап шекті. Бұл туралы Ahram Online ақпараттық порталы мәлім етті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл кезде спорт кешенінде «Әл-Ахли» (Каир) және «Әл-Иттихад» (Александрия) командалары арасында баскетболдан суперкубок матчы өтіп жатқан. Ойын төтенше жағдайға байланысты тоқтатылды.

Мысыр денсаулық сақтау министрлігінен мәлім еткендей, зардап шеккендерді эвакуациялауға 21 жедел жәрдем көлігі жұмылдырылған.

Ресми тұлғалар төтенше жағдайға жанкүйерлер әрекеті себеп болғаны айтады.

Айта кетсек, Хасан Мұстафа атындағы спорт кешені 2020 жылы ашылды. Онда баскетбол мен гандбол сияқты бірнеше спорт түрінен жарыстар өткізіліп келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0