«Қайрат» АФК - футзалдан ел Кубогының иегері
Семейде футзалдан Қазақстан-2022 кубогының финалдық кездесуі өтті. Кубокқа алматылық «Қайрат» пен ақтөбелік «Рахмет» таласты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жартылай финалдық кездесуде «Рахмет» пенальти сериясында «Аятты» жеңсе, «Қайрат» «Ақтөбеден» 2:1 есебімен басым түсті.
Финал тартысқа толы өтіп, негізгі уақыт 3:3 есебімен тең аяқталды. Овер-таймда екі гол соққан «Қайрат» АФК Кубок иегері атанды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или