Ресми: Бердыев ресейлік клубтың тізгінін ұстады

Алматылық «Қайраттың» ардагері Құрбан Бердыев ресми түрде Ресей премьер-лигасының «Сочи» клубының бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Құрбан Бердыев Сочидің бас бапкері! Тәжірбиелі маман жаңа жылдан бастап өз қызметін бастайды», - деп хабарлайды Сочи баспасөз қызметі.
Сочи Құрбан Бердыевтің мансабындағы үшінші РПЛ клубы болмақ. Бұған дейін ол Қазандық «Рубин» және «Ростовты» баптаған, олармен сәйкесінше Ресей чемпионы және вице-чемпионы атағын жеңіп алды.
Бердыевтің бұрынғы жұмыс орны ирандық «Трактор» болса, оған дейін Құрбан Бекиұлы бір жылдан сәл астам алматылық «Қайраттың» бапкері болған.