«Бәйтерек» бірнеше ойыншымен қоштасты

«Бәйтерек» футзал клубы жыл соңында бес ойыншымен келісімшартты бұзды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Оралдық клубтың баспасөз қызметі хабарлағандай, командадан Лукас Наказато, Серік Мәжитов, Бауыржан Исмаилов, Ақжол Тыныштықбаев және Ербол Жұмахан кетті.
Айта кетейік, 18 кездесуде 21 ұпай жинаған «Бәйтерек» Қазақстан чемпионатының турнирлік кестесінде алтыншы орында тұр.