BLAST Premier: World Final 2022: G2 Esports ұжымы Team Vitality командасын жеңді

Еуропалық G2 Esports ұжымы BLAST Premier: World Final 2022 турнирінде Team Vitality командасын жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Матч 2:1 (Nuke-де 16:3, Vertigo-да 15:19 және Anubis-те 16:11) есебімен аяқталды.
BLAST Premier: World Final 2022 турнирі 14-19 желтоқсан аралығында Абу-Дабиде өтіп жатыр. Сегіз команда бір миллион АҚШ долларын сарапқа салады.