Қазақстан жастары элиталық дивизионға жақындады

Қазақстан жастары элиталық дивизионға жақындады

Қазақстан жастар құрамасы хоккейден әлем чемпионаты бірінші дивизионының А тобында Словениямен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойынның 72-секундында Роман Ермак есеп ашты, алғашқы үзіліске дейін Даниил Цыбин қазақстандықтардың екінші шайбасын салды. Екінші кезеңде Ермак дубль авторы атанған, бірақ кейін словениялықтар екі голмен көзге түсті. Дегенмен матч нүктесін қойды, Всеволод Логвин есепті 4:2 қылды.

Осылайша, турнирдің алғашқы матчында Франциядан (0:2) жеңіліп қалған отандастарымыз Венгрия (3:2), Дания (4:0) және Словенияны (4:2) жеңді, еншісінде 9 ұпай бар. Енді 17 желтоқсанда Қазақстан мен Норвегия бірінші орын мен элита жолдамасын сарапқа салады. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или