Біз рейтингіге емес, рейтинг бізге жұмыс жасасын

Маусым айының соңында қазақстандық спорт саласындағы ақпарат құралдары алматылық «Қайраттың» футзалдағы УЕФА рейтингісінде көш бастағанын жарыса жазды. Жанкүйерлерді таңқалдырған алматылықтардың топ бастағаны емес, оның екінші орындағы командадан отыз мың ұпайға озып кеткені болды! Осы тұста «PROСПОРТ» Қазақстан чемпионының осындай табысы неге байланысты екенін және неліктен «Қайрат» УЕФА кубогының алдағы маусымында негізгі фаворит екенін түсіндіруді жөн деп шешті.

Бұл қандай рейтинг?

Ең алдымен, жарияланған аталмыш УЕФА рейтингісінің не екенін толық түсініп алайық. Бұл командалардың еуропалық одақ ұйымдастыратын турнирлердің соңғы бірнеше маусымындағы нәтижесін есепке алатын біз үйренген классикалық клубтық рейтинг емес. Әйтпесе, мұндай рейтингіде «Барселона», «Дина» және де сол секілді Төрттік финалында жиі бақ сынайтын клубтарға орын табылар еді. «Қайрат» көш бастаған рейтинг – УЕФА кубогының келесі маусымында сынға түсетін клубтардың рейтингісі. Осы тізімдегі орындарға байланысты клубтар турнирді қай кезеңнен бастайтынын анықтайды.

Біздің не айтып тұрғанымызды толық түсіндіру үшін Испания және Ресей чемпионаттарынан мысал келтірейік. Пиреней түбегінің чемпионатында алтын медаль «Интер» футболшыларына табысталып, финалда ұтылған «Мурсия» күмісті қанағат тұтқан болатын. Сәуір айында Төрттік финалына қатысқан «Барселона» болса, ішкі біріншілікте сүреңсіз ойнап, УЕФА кубогының 2015/2016 маусымына түспей қалды. Сондықтан олар УЕФА кубогы-2015/2016 рейтингісіне енбей, орнына «Интер» (рейтингіде 2-орын) жолдама алды. «Интердің» орнында «Барселона» болғанда, «Қайрат» осынша қатты ұзап кетпес еді.

Ресейлік «Юграның» да жағдайы осыған ұқсас. Тарихында тұңғыш рет чемпион атанған олар УЕФА кубогының алдағы маусымына бәрімізге жақсы таныс мәскеулік «Динамоны» жібермей тастады. Финалдық серияның бесінші матчында югралықтар емес, «Динамо» жеңіске жеткенінде мәскеулік ұжым турнирді элиталық кезеңнен бастайтын еді. Алайда еурокубокқа алғаш рет қатысқалы отырған «Югра» Еуропаға саяхатын негізгі раундтан бастамақ.

«Тұлпар» үшін мүмкіндік

«Қайраттың» екінші орындағы командадан сонша ұзап кеткені сәл де болса түсінікті шығар. Түсінбесеңіз, мына жайтты қараңыз. Айтпақшы, естеріңізге сала кетейік, бұл рейтингіде алматылық ұжымның еншісінде 64. 167 ұпай бар. «Интер» екінші орында – 29. 666, ал үздік үштікті «Тұлпар» түйіндеп тұр – 28.500. «Қайрат» Испанияның он дүркін чемпионы, УЕФА кубогының үш дүркін жеңімпазынан, шамамен, 35 000 ұпайға ұзап кеткен. «Интердің» осылай артта қалуына басты себеп – мадридтіктертің былтыр Төрттік финалға қатыса алмауында. Ол кезде «Интер» португалиялық «Спортингті» алға жіберіп, Элиталық кезеңнен кері қайтқан болатын. Жаңарған рейтингіде клубтың УЕФА кубогының шешуші кезеңінде қаншалықты жиі ойнайтыны есепке алынады, ал «Қайраттың» жыл сайын Төрттік финалына қатысатынын ескере кеткен жөн.

Сондай-ақ, рейтингідегі позицияға ішкі чемпионаттың деңгейі де қатысты. «Қайраттың» халықаралық аренадағы жетістігіне байланысты қазақстандық чемпионаттың да бағасы артады деген сөз. Сондықтан «Тұлпар» португалиялық «Спортинг» пен чехиялық «Хрудима» секілді азулы клубтарды артқа тастап, үздік үштікке кіріп отыр.

Осы тұста қарағандылық ұжымның Элиталық кезеңдегі мүмкіндігіне тоқтағанды дұрыс деп шештік. Қаржылық жағынан біраз қиындық көргенімен, «Тұлпар» өзі қатысқан турнирлерде жүлдегерлер қатарына жиі ілігіп жұр. Сондықтан, қарағандылықтар алдағы маусымда «Қайратпен» бірге Төрттік финалында ойнап қалуы әбден мүмкін. Оның үстіне, Негізгі кезеңге қатысатын командалардан тек үшеуі ғана «Тұлпардан» мықты деуге болады: олар – словкиялық «Слов-Матик», сонымен қатар, жоғарыда біз атап өткен «Спортинг» пен «Хрудима». Қалған командалар болса, УЕФА кубогына алғаш қатысып жатқан (ресейлік «Югра», грузиялық «Теласи» және словениялық «Добовец») немесе «Тұлпарға» жоғарыдан қарайтындай еурокубокта көп тәжірибе жинап үлгермеген клубтар.

«Қайраттың» жаңа белесі

«Қайраттың» алдағы еуромаусымды неліктен басты фаворит есебінде бастайтынын түсіндіруге уәде берген болатынмыз. Бұған екі себебіміз бар – рейтингідегі орны және қазіргі чемпион деген аты. Екі жыл бұрын алматылықтар УЕФА кубогын алғаш рет жеңіп алған кезге қарағанда қазіргі жағдай тым басқаша. Алғаш рет топ жарғанда тек сәттіліктің жолдас болмағанын, жеңіске шеберліктің де қатысы бар екенін дәлелдеу қиын болатын.

Ал қазір «Қайрат» еуропалық клубтарды уыста ұстайтын азулы командаға айналды. Енді «Қайратқа» қарсы ешкім менсінбей ойнамайды, енді барлығы «Қайратқа» қарсы ойынға арнайы дайындалады. 2015/2016 жылғы маусымда УЕФА кубогына қатысатын клубтарды ескерсек, «Қайрат» қатарынан екінші жыл чемпион атануға мүмкіндік алмақ. Алматылықтар секілді «ауыр салмақтағы» клубқа тек «Интер» ғана қарсылас болуы мүмкін, қалған ұжымдардың ешқайсысы да әзірше ондай әлеуетке жеткен жоқ.

Авторы: Айбек Алдабергенов

Аударған: Есет ТӨЛЕШ

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или