Футзал

Чемпиондар лигасы: Төрттік финалға қатысатын командалар анықталды

Чемпиондар лигасы: Төрттік финалға қатысатын командалар анықталды
news-banner7
mobile-news-top

Осы аптада футзалдан Чемпиондар лигасының элиталық кезеңі өтіп, оның қорытындысы бойынша турнирдің шешуші кезеңі, төрттік финалдың қатысушылары анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

А тобындағы турнир итальяндық Аверса қаласында өтті. Оның жеңімпазы португалиялық «Спортинг» болды.

В тобындағы матчтарды испандық Пальма де Майорка қабылдады. Жергілікті «Пальма Футзал» қарсылас шақ келтірмей Төрттік финалға жолдама алды.

С тобының жеңімпазы португалиялық «Бенфика» болды. Алматыдағы турнирдің басында чехиялық «Хрудиммен» тең ойнаған «қырандар» кейін мальталық «Люксол Сент-Эндрюсті» ұтып, соңғы кездесуде алматылық «Қайратты» жеңіп, топ жеңімпазы атанды.

D тобында сенсацияның куәсі болдық. Испаниялық «Барса» бельгиялық «Андерлехтті» алға жіберіп, Еуропаның ең үздік клубы атағынан айырылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер