Қазақ күресі

Қазақ күресінен Қажымұқан Мұңайтпасов жүлдесіне арналған Азия кубогы аяқталды

Қазақ күресінен Қажымұқан Мұңайтпасов жүлдесіне арналған Азия кубогы аяқталды
news-banner7
mobile-news-top

Түркістанда қазақ күресінен Қажымұқан Мұңайтпасовтың жүлдесіне арналған Азия кубогы аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz cайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Екі күнге созылған дүбірлі додада «Түйе балуан» атанған талантты спортшы Темірлан Көлбай көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.

Ол бас жүлдеге ие болып, «Нива» автокөлігін жеңіп алды.

Ал Алматы облысының өкілі Мади Еділбаев күміс жүлдегер атанса, қола жүлдені Абай облысының мақтанышы Әсет Ахметжанов қанағат тұтты.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев пен күрестің білікті маманы Қуат Байходжаев, сонымен қатар қазақ күресінен Қазақстанның мемлекеттік жаттықтырушысы Жеңіс Биткөзов марапаттады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер