«Қайрат» АФК «Хрудимге» есе жіберіп, «Төртеу финалына» шығу мүмкіндігінен айырылды

Бүгін Алматыда футзалдан Чемпиондар лигасы элиталық кезеңінің С тобындағы екінші тур матчында «Қайрат» АФК «Хрудим» командасынан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Алматылық команда Элиталық кезеңнің алғашқы матчында «Люксолмен» ұпай бөліскен, Алматыдағы кездесуде қарсылас қақпасына 78 соққы жасағанымен, ойын 0:0 есебімен аяқталған еді.
«Хрудимге» қарсы кездесуде де «Қайрат» футболшылары сәт сайын шабуылдады. Бірақ доп чехиялық команданың қақпасына кірмей қойды - «Хрудим» қақпашысы Дуду бірнеше сейв жасады.
Екінші тайм басталған бойда «Хрудим» ойыншылары екі гол соғып тастады. Ойынның аяқталуына 15 минут қалғанда алматылықтар 0:2 есебімен жеңіліп жатты. «Қайрат» тек кездесудің соңына қарай есеп айырмасын қысқарта алды. Бірақ таразы басын теңестіре алмады.
«Қайрат» АФК екі матчта бір ұпай жинап, 2022/23 маусымындағы УЕФА Чемпиондар лигасының «Төртеу финалына» шығу мүмкіндігінен мерзімінен бұрын айырылып қалды.
Чемпиондар лигасы. Элиталық кезең.
С тобы. Екінші тур.
«Қайрат» (Алматы, Қазақстан) – «Хрудим» (Хрудим, Чехия) – 1:2 (0:0)
Голдар: Радованович 22'10'' (0:1), Торрес 24'38'' (0:2), Вилела 38'28'' (1:2)
24 қараша. Алматы. Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы.