Вахид Масудов сыйлығының иегері анықталды

Вахид Масудов сыйлығының иегері анықталды

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы 2022 жылғы маусымның үздік жартылай қорғаушысын анықтады, деп жазады Prosports.kz.

Үздік жартылай қорғаушыны ҚПЛ командаларының бас бапкерлері мен капитандары дауыс беру арқылы анықтады. 

Сауалнама қорытындысында еліміздің үздік жартылай қорғаушысы атағы қостанайлық «Тобыл» мен Қазақстан құрамасының көшбасшысы Асхат Тағыбергенге бұйырды. 32 жастағы ойыншы аталған жүлдені екінші рет алып отыр. 

Өткен маусымда Тағыберген чемпионатта 24 матчқа қатысып, 8 гол соқты және 5 нәтижелі пас шығарды. Қазақстан құрамасы сапында Асхат 7 ойын өткізіп, 2 нәтижелі паспен есте қалды.

Үздіктер тізімінде «Астананың» хорватиялық легионері Марин Томасов екінші орынға ие болса, үздік үштікті шымкенттік «Ордабасы» ойншысы Эльхан Астанов түйіндеді. 

Айта кетейік, 2021 жылдан бастап маусымның үздік жартылай қорғаушысы жүлдесі белгілі қазақстандық футболшы, ал қазір тәжірибелі бапкер Вахид Юнусович Масудовтың есімімен аталады.

Кім кімге дауыс берді:

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или