Алматыда УЕФА Чемпиондар лигасы өтеді

23-27 қараша аралығында Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасы элиталық кезеңінің «С» тобындағы матчтары өтеді, деп жазады Prosports.kz.
Шағын турнирдің қожайыны «Қайрат» АФК, оған португалиялық «Бенфика», чехиялық «Хрудим» және Мальтаның «Люксол» клубтары қарсылас болады. Топ жеңімпазы «Төрттік финалға» жолдама алады.
«Қайрат» Элиталық кезеңдегі алғашқы ойынын сәрсенбі, 23 қараша күні «Люксолға» қарсы өткізеді. Кездесу Астана уақытымен 21:00-де басталады.

Турнирдің толық кестесі мынадай:
23 қараша
18:30*. «Бенфика» (Португалия) – «Хрудим» (Чехия)
21:00. «Люксол» (Мальта) -<span> </span>«Қайрат» АФК (Қазақстан)
24 қараша
18:30. «Люксол» (Мальта) – «Бенфика» (Португалия).
21:00.<span> «Қайрат» АФК (Қазақстан)</span><span> </span>– «Хрудим» (Чехия).
26 ноября
18:30. «Хрудим» (Чехия) – «Люксол» (Мальта).
21:00.<span> «Қайрат» АФК (Қазақстан)</span>.- «Бенфика» (Португалия).
*Астана уақыты көрсетілген.