Бокс

Аблайхан Хұсайыновтың келесі жекпе-жегі қашан өтеді

Аблайхан Хұсайыновтың келесі жекпе-жегі қашан өтеді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы Аблайхан Хұсайыновтың (11-0, 8 КО) келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

BoxRec.com сайты хабарлағандай, Хұсайынов 16 желтоқсанда Алматыда шаршы алаңға шығады. Қарсыласы Бразилия өкілі Андерсон Денер (6-2, 5 КО) болады. Бірінші жартылай орта салмақтағы жекпе-жек сегіз раундқа есептелген.

Хұсайынов бұған дейін 2020 жылы 25 қазанда Алматыда өнер көрсетті, онда ресейлік Руслан Берчукты (13-13, 4 КО) төрешілер шешімімен жеңген. Бірақ бұл кездесу BoxRec.com мәліметіне енген жоқ. Ресми статистика бойынша Абылайханның кейінгі жекпе-жегі Мексикада жергілікті боксшы Мисаэль Галасқа (13-26-5, 10 КО) қарсы өткен, онда отандасымыз бесінші раундта нокаутпен жеңіске жетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер