Жұмағұлов UFC-дегі жекпе-жегі алдында фотосессия жасады

19 қарашада Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұловтың (14-7) қатысуымен UFC Fight Night 215 турнирі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ол Инстаграм желісіндегі парақшасында жекпе-жек алдындағы фотосессиядан видео жариялады.
Жұмағұловтың бұл UFC-дегі алтыншы жекпе-жегі болады. Ол америкалық Чарльз Джонсонмен (11-3) кездеседі.
Жекпе-жек елорда уақытымен шамамен 02:00-де басталады, турнирдің тікелей трансляциясын UFC ресми сайтынан көруге болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или