Өзбекстан құрамасының бапкері Қазақстанмен өтетін ойынға қатысты пікір білдірді

Өзбекстан құрамасының бапкері Қазақстанмен өтетін ойынға қатысты пікір білдірді
news-banner7
mobile-news-top

16 қарашада Ташкентте Өзбекстан мен Қазақстан құрамалары арасында жолдастық кездесу өтеді. Ойын «Пахтакор» стадионында сағат 19:00-де басталады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Өзбекстан құрамасының бас бапкері Сречко Катанец алдағы кездесу туралы айтты.

«Қалыпты жолдастық кездесу. Бұл ерекше ойын емес деп ойлаймын. Біреулер үшін бұл дерби шығар, бірақ мен үшін бұл жолдастық кездесу. Әрине, матчта жеңіске жетуге тырысамыз. Легионерлеріміз кешігіп келгендіктен, олармен жаттығуда жеткілікті уақыт өткізе алмадық. Бұл фактор бізге қиындық тудыруы мүмкін», - деді Катанец.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер