Хоккей

Универсиадада Қазақстан хоккейшілері кімдермен ойнайтыны белгілі болды

Универсиадада Қазақстан хоккейшілері кімдермен ойнайтыны белгілі болды

Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы 2023 жылғы Қысқы универсиадада қай топта сынға түсетіні белгілі болды.

Қысқы унисериада аясындағы шайбалы хоккей турнирі АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында 12-22 қаңтар аралығында өткізіледі.Қазақстандық хоккейшілер іріктеу сатысында Оңтүстік Корея, Венгрии, Ұлыбритания, Словакия және АҚШ құрамаларымен шеберлік байқасады.

Ал тағы бір топта Канада, Венгрия, Жапония, Латвия, Швеция, Украина құрамалары өзара сайысқа түседі. Әрбір топтан алғашқы екі орын алған құрамалар плей-офф сатысына жолдама алады.

Айта кетсек, еліміздің хоккейшілері 2019 жылғы Қысқы универсиадада төртінші орын алды. Ал 1995 жылы бірінші орын алса, 1993, 2013, 2015, 2017 жылдарда күміс жүлдегер болды.

Түпнұсқасы: inform.kzОшибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0