Бокс

Әлімханұлы мен Бентли жекпе-жек алдында салмақ өлшелді

Әлімханұлы мен Бентли жекпе-жек алдында салмақ өлшелді

Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) мен британиялық Дензел Бентли (17-1-1, 14 КО) салмақ өлшеу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Екі боксшы да орта салмақ шегін (160 фунт немесе 72,6 келіге дейін) орындады. Бентли таразыда тура 159 фунт (72,120 келі) көрсетсе, Жәнібек Әлімханұлы сәл ауыр болып шықты - 159,6 фунт (72,390 келі).

Жәнібек Әлімханұлы мен Дензел Бентли арасындағы жекпе-жек Қазақстан уақыты бойынша 13 қараша күні таңертең өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0