Аружан Сағандықова екінші рет Түркиядағы жарыстың ширек финалына шықты

Аружан Сағандықова екінші рет Түркиядағы жарыстың ширек финалына шықты

17 жастағы Аружан Сағындықова Түркияның Анталия қаласында өтіп жатқан ITF W15 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандық жас теннисші алғашқы айналымда отандасы Жанель Рүстемовамен бақ сынасты. Мұнда Аружан тартысты бәсекеде Жанельден 4:6, 6:3, 6:4 есебімен айласын асырды.

Екінші айналымда Сағындықова румыниялық Мария-Сара Попаны 6:3, 7:5 есебімен сүріндірді.

Аружан Сағындықова жартылай финалға шығу үшін әлемнің 484-інші, осы доданың 2-ракеткасы, түркиялық Илай Йорукпен таласады.

Жанель Рүстемова жұптық сында жартылай финалға өтті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или