17 жастағы ойыншы Қазақстан құрамасындағы дебюті жайлы пікірін айтты

Футзалдан Қазақстан құрамасы 2024 жылғы әлем чемпионатына іріктеу турнирінде Черногорияны 7:0 есебімен жеңді, деп жазады Prosports.kz.
Матчтан кейін жас ойыншы Батырхан Кенжеғали ұлттық құрамадағы алғашқы кездесуі жайлы пікірін айтты.
«Біз секілді жас ойыншыларға осындай мүмкіндік бергені үшін Кака мырзаға көп рақмет. Ұлттық құрамада атмосфера керемет, үлкен ағаларымнан үйренерім көп. Черногорияға қарсы ойында дебют жасағаныма қуаныштымын», – деді ол.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или