Футзал

Қазақстан 2024 жылғы әлем чемпионатына іріктеуде қарсыласын ірі есеппен ұтты

Қазақстан 2024 жылғы әлем чемпионатына іріктеуде қарсыласын ірі есеппен ұтты

Алматыда футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирінің матчы өтті, онда Қазақстан құрамасы Черногория құрамасын қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл ойын қазақстандықтар 7:0 есебімен жеңді. Голдарды Дуглас (2-минут), Әбдірасул Әбдіманапұлы (4-ші), Арнольд Кнауб (15-ші), Альберт Ақбалықов (21-ші), Біржан Оразов (25-ші, 25-ші) және Азат Валиуллин (40-шы) соқты..

Осылайша, Қазақстан құрамасы тоғыз ұпай жинап, негізгі кезеңнің 5-тобындағы көшбасшылығын нығайтты. Командалардың қазіргі уақыттағы турнирлік кестесі төмендегідей: Қазақстан – 9 ұпай (3 матч), Словения – 3 ұпай (2 матч), Черногория – 0 ұпай (3 матч). Турнир ережесі бойынша командалар өз алаңында және сырт алаңда бір-бірімен бір матч өткізеді. Топтың он екі жеңімпазы мен үздік төрт екінші орын алғаны тікелей Элиталық раундқа өтеді. Өз топтарында екінші орын алған тағы сегіз команда плей-офф кезеңіне шығады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0