Футзал

«Қазақстан – Черногория»: Лео Игитаның орнына Нарун Серіков ойнайды

«Қазақстан – Черногория»: Лео Игитаның орнына Нарун Серіков ойнайды

Черногорияға қарсы 2024 жылғы әлем чемпионатының іріктеу матчы қарсаңында футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының құрамында тағы да мәжбүрлі ауыстыру орын алды, деп хабарлайды Prosports.kz. ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Команда капитаны Лео Игита матч алдындағы жаттығу кезінде белінен жарақат алды. Оның орнына ұлттық құрама орналасқан жерге алматылық «Қайраттың» қақпашысы Нарун Серіков келді.

Осылайша, жарақатына байланысты Эдсон, Дәурен Нұрғожин және Игита черногориялықтарға қарсы ойнамайды.

Еске салайық, кездесу бүгін, 9 қарашада Алматыда, Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді. Кездесу сағат 20:00-де басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0