«Ливерпуль» футбол клубы 4,6 миллиард еуроға сатылуы мүмкін

Ағылшындық «Ливерпуль» футбол командасының қожайыны Джон Генри клубпен қоштасуға дайын соманы атады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Mirror басылымының хабарлауынша, америкалық кәсіпкер клубты 4,6 миллиард еуроға сатуды жоспарлап отыр.
Джон Генри «Ливерпульді» 2010 жылы сатып алды.
Оның билігі кезінде клуб Чемпиондар лигасын (2019), Англия премьер-лигасын (2020), УЕФА суперкубогын (2019), Англия кубогын (2022), Англия суперкубогын (2022), Англия лигасының кубогын (2022) жеңіп алды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или