Қазақстандық төрешілер Сербия – Норвегия матчына қазылық жасайды
                  Футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің тоғызыншы тобындағы Сербия мен Норвегия құрамалары арасындағы кездесуге қазақстандық төрешілер тобы тағайындалды, деп хабарлайды prosports.kz сайты ҚФФ-ға сілтеме жасап.
Бұл ойынға Аслан Галаев және Талғат Қосмұхамбетов (екеуі де – Қостанай) төрелік етеді. Үшінші төреші елордалық Төрехан Тұрсымбаев.
Матч 9 қараша күні Сербияның Пожаревац қаласында өтеді. Ойын Астана уақытымен 23:00-де басталады.
                                          Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
                  
                  
                  Комментарии
                                              Для того, чтобы оставить комментарий,  или