«Қайрат»-тың мақтаныштары

«Қайрат»-тың мақтаныштары

Кәрі құрлықтағы ең бәсі биік деген жарысы УЕФА Кубогын екі мәрте жеңіп алған Кайрат» футзал клубы, сөзсіз, қазақ спорты тарихындағы ең беделді деген ұжым. Осынау биіктерден көрінуге талай адамдардың үлесі бар. Кешегісі мен бүгінін жазар болсақ, ең алдымен Вагиньо, Дентиньо, Мессиас, Жива, Келсон, Фумаса, Халявин, Жаманқұлов, Терентьев, Самохваловтардың есімі ойға оралады. Әр уақытта Алматыға арман қуып келген жас балалар да, есін білер, айтары мен үйретері көп, елге танымал футболшылар да «Кайраттың» жыртысын жыртып, биік шыңдарды бағындыруға өзіндік бір үлесін қосқан еді.

Бүгін сол «Кайрат» үшін тер төгіп, аянбай қызмет еткен азаматтардың арасынан ең үздіктерін таңдап, сіздерге таныстырмақпыз.

1. Какау

Жетістіктері: Қазақстан чемпионы: 2004/2005, 2005/2006, 2006/2007, 2007/2008, 2008/2009;

Қазақстан Кубогының иегері: 2005, 2006, 2007, 2008, 2009;

УЕФА Кубогының қола жүлдегері: 2008/2009

«Қайратта» болған уақыты: 2004–2009

Какау «Қайратты» баптаған білікті бапкер ғана емес, кезінде алматылық ұжымда доп тепкен болатын. 2004 жылы мәскеулік «Спартак» сапында жүріп ауыр жарақат алған еді. Отанына қайта оралып, алаңға шыққанда оны Этьен шақырған болатын «Қайратқа». Какау келген уақытта алматылық клубтың УЕФА Кубогында алғаш ойнауы еді. Ал кетер шағында Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы атанып қана қоймай, УЕФА Кубогының қола жүлдесін жеңіп алды. Бірнеше жыл өткеннен кейін Какау Алматыға қайта ат басын бұрды. Бірақ, бұл жолы жеңіс шынына ойыншы ретінде емес, бапкер ретінде шығу үшін қайта оралды.

2. Лео

Жетістіктері: Қазақстан чемпионы: 2009/10, 2010/11, 2011/2012, 2012/13 , 2013/14 , 2014/15;

УЕФА Кубогының жеңімпазы: 2012/13 , 2014/15;

Қазақстан Кубогының иегері: 2012/13 , 2013/14, 2014/15;

Қазақстан Суперкубогының иегері: 2014/15

«Қайратта» болған уақыты: 2009 – қазіргі уақытқа дейін.

Жақында алматылық команданың басшысы Қайрат Оразбеков берген сұхбатында, Леоға жас шағынан бастап сенгенін айтқан болатын және сол үміті ақталды да. Лео өзіне артылған сенімді толықтай өтей білді. Тек «Кайрат» сапында ғана өнер көрсетумен шектелмеді, Қазақстан азаматтығын алып, ел намысын халықаралық жарыстарда қорғап жүр. 6 жыл бойы «Кайратпен» бірге талай биіктерді бағындыра білді. Соңғы жылдары өзінің асқан шебер футзалшы екенін тағы да дәлелдеп жүр. Оның бір себебі, биылғы Еурокубокта бірауыздан «Төрттік финалдың» MVP болып таңдалды. Испандық «Барселонаға» қарсы керемет ойнап, көрермендердің сүйікті ойыншысына айнала білді.

3. Игита

Жетістіктері: Қазақстан чемпионы: 2011/2012, 2012/13 , 2013/14 , 2014/15;

УЕФА Кубогының жеңімпазы 2012/13 , 2014/15;

Қазақстан Кубогының иегері: 2012/13 , 2013/14, 2014/15;

Қазақстан Суперкубогының иегері: 2014/15;

«Қайратта» болған уақыты: 2011 – қазіргі уақытқа дейін.

Игита – футзалдың Нойері. Оның аяқпен допты емін-еркін ойната білуі қарсыластарына айтарлықтай қиындық туғызады. Алаңға 5-ші ойыншы қосылғандай. Осындай әмбебап ойыншы «Қайратқа» қарағандылық «Тұлпардан» келген. Густавоның ізбасары бастапқы кезде үлкен үміт күттіретін қақпашы саналған жоқ. Тек уақыт өте келе өзінің нағыз таптырмайтын қақпашы екенін дәлелдей білді. Еуропада аты танымал қақпашыға айналды. Оған дәлел екі мәрте УЕФА Кубогын жеңіп алуы.

4. Дінмұхамбет Сүлейменов

Жетістіктері: Қазақстан чемпионы:  2009/10, 2010/11, 2011/12, 2012/13, 2013/14, 2014/15;

УЕФА Кубогының жеңімпазы: 2012/13, 2014/15;

Қазақстан Кубогының иегері: 2010, 2012, 2013, 2014;

Қазақстан Суперкубогының иегері: 2007, 2012, 2014;

Әлем Суперкубогының иегері: 2014;

Маусымның үздік ойыншысы: 2008/09, 2010/11, 2012/13

«Қайратта» болған уақыты: 2009 – қазіргі уақытқа дейін.

«Қайраттың» капитаны Дінмұхамбет бұл тізімде өзінің өжеттілігімен, нағыз еңбексүйгіштігімен ерекшеленеді. Капитанға тән мінезі бар бұл ойыншыны өмір тәрбиеледі деуге болады. Спорттық мансабының табалдырығын енді аттаған уақытта тек қана футбол ойнаумен шектелмей, темір кескіш болып нәпақасын тауып жүрді. Тек 2009 жылы еңбексүйгіштігінің арқасында Қазақстан футзалының қос айдаһары «Қайрат» пен «Тұлпардың» назарына ілікті. Алматылық ұжымға қосылғанда да, бәрін басынан бастап дәлелдеуге тура келген еді. Алайда қайсар мінездің арқасында «Қайраттың» негізгі құрамынан ойып тұрып орын алды.

5. Лео Сантана

Жетістіктері: Қазақстан чемпионы: 2010/11, 2011/12,2012/13;

Қазақстан Кубогының иегері: 2012/13;

УЕФА Кубогының жеңімпазы:: 2012/13

«Қайратта» болған уақыты: 2010–2013

«Қайрат» тарихындағы ең көңілді жігіттердің бірі – Сантана. Команданың көңіл-күйі осы ойыншыға байланысты еді. Ешқашан көңіліне кірбің келмейтін Лео «Қайрат» сапында 3 жыл өнер көрсетті. Өз ісінің хас шебері алматылық командаға УЕФА Кубогын жеңіп алуға көмектесті. Финалда «Динамо» қақпасына гол соқты. Бірақ келесі жылы Ресей чемпионатын бағындыруға бел буды. Футзалшының бұл шешімі талай адамды таң қалдырды.

6. Густаво («Сибиряк», «Динамо»)

Жетістіктері: Қазақстан чемпионы: 2004/2005, 2005/2006, 2006/2007, 2007/2008, 2008/2009;

Қазақстан Кубогының иегері: 2005, 2006, 2007, 2008, 2009;

УЕФА Кубогының қола жүлдегері: : 2008/2009

«Қайратта» болған уақыты: 2004–2009

Густавоның қазіргі биікке жетуіне үш мемлекеттің үлесі зор: Бразилияда туып-өсіп, мамандығын таңдады. Қазақтың күйеубаласы атанып, қазақтан қыз алды, кәсібін шыңдай түсті. Ресейге барғалы сол елдің азаматтығын алып, ұлттық құрама сапына шақыртылды.

2004 жылы арман қуған Густаво басқа мемлекетті бағындыруға «Қайратқа» келді. Содан бері бес жылға жуық алматылық команданың намысын қорғады.

7. Рафаэл

Жетістіктері: Қазақстан чемпионы: 2007/08, 2008/09;

Қазақстан Кубогының иегері: 2007/08, 2008/09;

УЕФА Кубогының қола жүлдегері: 2008–2009

«Қайратта» болған уақыты: 2007–2009

Жай ғана Рафаэл, бұл жігіттің шын есімі - Дурвал Да Коста Лира. Рафаэлдың бір ерекшелігі, ойынға бар жан-тәнімен берілуі. Қарсыласын да, өзін де аямайтын бұл ойыншы алаңда нағыз «жыртқышқа» айналатын.

24 жасында биік белестерді бағындыру үшін «Қайратқа» ауысып келген болатын. Үміті ақталды. Қазақстан чемпионатының жеңімпазы атанып, УЕФА Кубогының қола жүлдесін жеңіп алды. Тек бір жыл өткеннен кейін Рафаэл ресейлік «Сибиряк» командасына ауысты.

8. Катата

Жетістіктері: Қазақстан чемпионы: 2009/10, 2010/11, 2011/12;

Қазақстан Кубогының иегері: 2009/10;

УЕФА Кубогының қола жүлдегері: 2010/11;

«Қайратта» болған уақыты: 2009–2012

Екінші деңгейлі Италия чемпионатынан қаһарлы «Қайратқа» ауысқанын көп жанкүйерлер түсіне қоймады. Бірақ олардың көкейдегі қорқынышын Катата алғашқы ойынынан кейін-ақ сейілте білді. Қорғаныста тас қамалға айналған Катата алматылық командада 2009–2012 жылдары өнер көрсетті. УЕФА Кубогының қола медалін мойнына тағып, үш дүркін Қазақстан чемпионы атанады. Келер жылы ресейлік «Газпром-Югра» командасына ауысты.

9. Юрий Бутрин

Жетістіктері: Қазақстан чемпионы: 2004/2005, 2005/2006, 2006/2007, 2007/2008, 2008/2009;

Қазақстан Кубогының иегері: 2005, 2006, 2007, 2008;

«Қайратта» болған уақыты: 2002–2008

Ресейлік футболшының спорттық манбасында тек екі ғана командасы болыпты. Бірі «Сибиряк», екіншісі «Қайрат». Сергей Белкуровтың тұсында Бутрин команданың нағыз сұрмергеніне айнала білді. «Қайрат» тарихындағы ең үздік шабуылшы ретінде танымал. 2005-2006 жылғы маусымда алматылық клубтың «Төрттік финалға» өтуінің бірден-бір себебі осы футболшы. Португалдық «Бенфикаға» қарсы ойында барлық үш голды Бутрин соққан болатын. Соның арқасында сол жылы әлемнің ең үздік 50 футзалшысының тізіміне енді.

10. Этьен

Жетістіктері: Қазақстан чемпионы: 2004/2005, 2005/2006, 2006/2007, 2007/2008, 2008/2009;

Қазақстан Кубогының иегері: 2005, 2006, 2007, 2008;

«Қайратта» болған уақыты: 2003–2008

Шокодан кейін «Қайратқа» ауысқан бразилиялық Этьен болатын. Тізіміміздің көшбасшысы Какаумен шабуылда жұп құрған бұл футболшының алматылық команданың жеңістеріне қосқан үлесі өте зор. Испания мен Бразилияның беделді ұжымында доп тепкен Этьен «Қайратқа» бес жыл уақытын арнады. Бір өкініштісі УЕФА Кубогының қола медаліне қол жеткізе алмады. Сол маусымды тәп-тәуір бастағанымен, бірер күннен кейін ауыр жарақат алып қалды. Еуропалық дәрігерлердің өзі бұл футболшының бұрынғы қалпына келуіне көмектесе алмады. Жағдайды бағамдай білген Этьен спорттық мансабын Таиландта жалғастыруды жөн деп шешіпті.

Айбар РЫСДӘУЛЕТ

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или