Футзал

Чемпиондар лигасы элиталық кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтеді

Чемпиондар лигасы элиталық кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтеді

Бүгін Ньон қаласында (Швейцария) футзалдан Чемпиондар лигасы элиталық кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтеді, деп жазады Prosports.kz.

Турнирдің бұл кезеңінде алматылық «Қайрат» өнер көрсетеді. 

Тікелей трансляция УЕФА ресми сайтында астана уақытымен 19:15-те басталады.

A жолы, топ жеңімпазы: «Пальма» (ESP, 1), «Спортинг» (POR, 2), «Барса» (ESP, 3, чемпион), «Бенфика» (POR, 4)

А жолы, топта екінші орын: «Спортинг-Андерлехт» (BEL, 1), «Ново Вриеме» (CRO, 2), «Луксол Сент-Эндрюс» (MLT, 3), «Ураган» (UKR, 4)

A жолы, топта үшінші орын: «Қайрат» (KAZ, 1), «Пула» (CRO, 2), «Добовец» (SVN, 3), «Юнайтед Галац» (ROU, 4)

жолы В, топ жеңімпазы: «Лозница-Град-2018» (SRB, 5), «Пяст» (POL, 6), «Эболи» (ITA, 7), «Хрудим» (CZE, 8).

Элиталық кезең матчтары 22-27 қараша аралығында өтеді. Төрт топтың жеңімпазы 4/5 және 6/7 мамырда өтетін финалдық кезеңге жолдама алады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0