Футзал

Алматы Чемпиондар лигасының Элиталық кезеңін тағы қабылдауы мүмкін

Алматы Чемпиондар лигасының Элиталық кезеңін тағы қабылдауы мүмкін

«Қайрат» АФК Чемпиондар лигасының Элиталық кезеңін өз алаңында қабылдауы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz

Алматы футзалдан ірі турнирлерді қабылдаудан тәжірибелі: «Қайрат» Төртеу финалын үш рет (2011, 2017, 2019) және Элиталық кезеңді екі рет (2016, 2019) қабылдаған. Алматыда кейінгі рет Чемпиондар лигасының Төртеу финалы еуропалық футзалда жанкүйер саны бойынша рекорд орнатқан.

Алматыдан бөлек, Элиталық кезеңді қабылдауға Пальма-де-Майорка (Испания), Лиссабон (Португалия), Пула (Хорватия), Гливице (Польша) және Эболи (Италия) мүдделі.

Бұл кезеңді қай қала қабылдайтыны 3 қарашада УЕФА Чемпиондар лигасының жеребесін тарту кезінде анықталады. Ойындар 22-27 желтоқсан арасында өтеді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0