Фируза Шәріпова ММА-дегі екінші жекпе-жегін өткізеді

Бокстан әлемнің бұрынғы чемпионы Фируза Шәріпованың ММА-дегі екінші жекпе-жегі қашан өтетіні анықталды.
Қазақстандық боксшы октагонға 18 қарашада Алматыда өтетін Octagon 37 турнирінде шығады. Қарсыласы әзірбайжандық спортшы Гюнель Амирбакова болмақ.
Еске салайық, биылғы 29 шілдеді Шәріпова ММА-да дебют жасады. Ол бірінші раундта ресейлік Карина Ондасынованы буындыру әдісімен жеңді. Фирузаның кәсіпқой бокстағы жетістіктеріне келсек, ол IBA және WBU нұсқалары бойынша әлем чемпионы болды. Ал өткен жылдың желтоқсанында «абсолютті» чемпион атағы үшін таласты, бірақ жеңіліп қалды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или