Бокс

Қайрат Сәтжанов: Азия чемпионатында кеткен есені қайтарғымыз келеді

Қайрат Сәтжанов: Азия чемпионатында кеткен есені қайтарғымыз келеді

Бокстан еліміздің ерлер құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов қазақстандық спортшылардың Азия чемпионатына дайындығы жөнінде айтып берді.

Құрлықтық дода Иордания астанасы - Амман қаласында 30 қазан мен 13 қараша аралығында өткізіледі. Аталған турнирде еліміздің атынан Санжар Тәшкенбай (48 келі), Сәкен Бибосынов (51 келі), Махмуд Сабыржан (54 келі), Серік Теміржанов (57 келі), Самаәлі Төлтаев (60 келі), Санатәлі Төлтаев (63,5 келі), Дулат Бекбауов (67 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі), Нұрқанат Райыс (75 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі), Сағындық Тоғамбай (86 келі), Айбек Оралбай (92 келі), Қамшыбек Қоңқабаев (92 келіден жоғары) сынға түседі.

«Дайындық өте жақсы өтіп жатыр. ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, Спортты дамыту дирекциясы мен Қазақстан бокс федерациясы қолдауымен бұл мақсатта ешқандай қиындық болған жоқ. Бокс - елімізде кең танылған, үнемі жанкүйерлер назарында болатын спорт түрі. Алдыңғы құрлық додасының нәтижесін қоғамның қалай талқылап, сынға алғаны əлі есімізде. Дубайда ерлер құрамасы алтынсыз қалғанын білесіздер. Биыл біз есе қайтарғымыз келеді. Мақсат - жалпы есепте көш бастау», - деді Спортты дамыту дирекциясына берген сұхбатында бас бапкер Қайрат Сəтжанов.
Түпнұсқасы: inform.kzОшибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0