«Спортинг» (Париж) – «Қайрат» және «Пула» – «Аят» матчының трансляциясы
29 қазанда алматылық «Қайрат» пен рудныйлық «Аят» футзалдан Чемпиондар лигасы негізгі кезеңіндегі соңғы кездесуін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Қайрат» АФК Бельгияда париждік «Спортингпен» кездеседі. «Қайратқа» элиталық кезеңге шығу үшін тең ойын жеткілікті, дегенмен Пауло Рикардо Кака шәкірттері топта жоғары орынға ие болу үшін жеңіс үшін ойнайтыны сөзсіз. «Спортинг» (Париж) – «Қайрат» АФК матчы Алматы уақытымен 21:00-де басталады.
Ал «Аят» хорватиялық «Пуламен» кездеседі. «Аят» та соңғы ойында тең ойнаса, келесі кезеңге өтуге мүмкіндік алады. «Пула» – «Аят» кездесуі Астана уақытымен 22:00-де басталады.
Қазақстандық клубтар қатысатын матчтарды<span> </span>Qazsport<span> телеарнасынан және арнаның сайтынан тікелей эфирде көруге болады. </span>