«Аят» Чемпиондар лигасында «Ново Вриемемен» тең ойнады

«Аят» Чемпиондар лигасында «Ново Вриемемен» тең ойнады

Рудныйдың «Аяты» футзалдан Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі алғашқы ойында хорватиялық «Ново Вриеме» клубымен тең ойнады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 2:2 есебімен аяқталды.

Есепті 27-минутта «Аят» сапынан Антон Рындин ашты. 30-минутта Тони Елавич таразы басын теңестірді. 32-минутта Леандро «Аятты» тағы алға шығарса, 4 минуттан кейін Азат Валиуллин өз қақпасына гол соғып алды. Есеп - 2:2.

Еске салайық, келесі турда «Аят» португалиялық «Спортингпен» ойнайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или