Бокс

Ербосынұлы әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізеді

Ербосынұлы әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізеді
news-banner7
mobile-news-top

Дүниежүзілік бокс қауымдастығының (WBA) екінші орта салмақтағы рейтингісінде көш бастап тұрған қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (16-0, 11 КО) осы салмақта тұрақты әлем чемпионы кубалық Давид Моррельмен (7-0, 6 КО) жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Boxrec.com порталының мәліметінше, жекпе-жек 5 қарашада Миннеаполис қаласындағы (Миннесота, АҚШ) Armory аренасында өтеді. Дәл осы рингте Моррель өз атағын үш рет сәтті қорғады, сонымен қатар кәсіпқой мансабындағы алғашқы жекпе-жегін де осында өткізген.

Ал Айдос Ербосынұлына кейінгі жекпе-жегін 2021 жылы 12 қыркүйекте Астанада өткізді. Жерлесіміз аталған кеште гайандық Леннокс Алленді (22-2-1, 14 КО) оныншы раундта нокаутқа түсірді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер