Бублик Франциядағы теннис турнирінің 1/4 финалына шықты

Бублик Франциядағы теннис турнирінің 1/4 финалына шықты

Әлемнің 44-ракеткасы, қазақстандық Александр Бублик Мец қаласында (Франция) өткен ATP-250 санатындағы турнирде табысты өнер көрсетуін жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Екінші айналымда Бублик Финляндия өкілі Эмиль Руусувуориді (51 АТР) есебімен жеңді 6:7 (4:7) 6:4, 6:3. Кездесу 2 сағат 15 минутқа созылды. Қазақстандық спортшы 13 эйс, тоғыз екілік қате жасап қарсылас есебін арттырып, бес брейктің төртеуін өткізе алды.

Ширек финалда Бубликтің қарсыласы Хольгер Руне (Дания) мен Бенджамин Бонзи (Франция) арасындағы матчтың жеңімпазы болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или