Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында АҚШ-пен бір топқа түсті

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында АҚШ-пен бір топқа түсті

23 қыркүйек пен 15 қазан аралығында Нидерланд Корольдігі мен Польшада волейболдан әйелдер арасында әлем чемпионаты өтеді. Бұл туралы ҚР спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі хабарлады.

Бәсекені FIVB (халықарылық волейбол федерациясы) мен Volley World 4 жылда бір рет ұйымдастырады. Биыл жоспарланған 100 ойынды Арнхем, Роттердам мен Апельдорн (Нидерланд), Гданьск, Лодзь бен Гливице (Польша) сынды 6 қала қабылдамақ.

Бұл чемпионатта ел намысын мына ойыншылар қорғайды:<span> </span>Мадина Бекет, Томирис Сағымбаева, Кристина Белова, Сабира Бекішева, Динара Қожанбердина, Найля Нигматулина, Елизавета Мейстер, Маргарита Бельченко, Екатерина Михайлова, Татьяна Никитина, Яна Петренко, Наталья Смирнова, Валерия Чумак, Анастасия Коломоец.

Бас бапкер: Дарко Добресков.

Қазақстан құрамасы С тобына АҚШ, Сербия, Германия, Болгария, Канадамен бірге түсті. Токио Олимпиадасының чемпионы АҚШ пен 2018 жылғы ӘЧ жеңімпазы Сербия құрамасы жалпы доданың фавориті саналады. Ал қазақстандық қыздар 2006 жылдан бастап ӘЧ-на тұрақты қатысып келе жатыр. Ең жақсы нәтижесі 2014 жылғы 15-орын.

Ұлттық құрама 24 қыркүйекте 1-ойында АҚШ-пен, сосын Германиямен (26 қыркүйек), Канадамен (29 қыркүйек), Сербиямен (30 қыркүйек), Болгариямен (1 қазан) ойнайды.

Чемпионат қалай өтеді?

Қазір 24 құрама 1-айналымда алты-алтыдан 4 топқа бөлінген. Олар бір рет бір-бірімен ойнайды. Жалпы 60 матч. Бұл кезеңдегі ойындардың бәрі Арнхем қаласындағы «Гельредом» стадионында өтеді.

Сосын әр топтағы 4 үздік құрама 2-айналымға өтеді. А және D тобындағы төрт команда Е тобына түсіп, Нидерландта ойнайды. Ал В мен С-тағы үздіктер F себетіне түсіп, Польшада шеберлік байқасады. Мұнда 1-айналымда ойнаған құрамалардың жолы қайта түйіспейді. Ол үшін алғашқы кезеңнен соң рейтинг түзіледі.

Нәтижесінде 2-айналымда әр топтан 4 ұжым шешуші сынға жолдама алады. Мұнда олар ширек финалдан бастап олимпиада жүйесімен кім мықтыны анықтайды.

Ұпай есептеу

Егер матчта 3-0; 3-1 есебімен жеңсе, 3 ұпай алады.

Егер матчта 3-2 есебімен жеңсе, 2 ұпай алады.

Егер матчта 2-3 есебімен ұтылса, 1 ұпай алады.

Егер матчта 0-3; 1-3 есебімен ұтылса, ұпай берілмейді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или