Беларусь құрамасының бапкері Қазақстанға қарсы матч туралы ойын айтты

Беларусь құрамасының бас бапкері Георгий Кондратьев Ұлттар лигасы аясындағы Қазақстанға қарсы матч туралы пікірін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Tribuna.com-ға сілтеме жасап.
— Ойын қиын бола ма?
— Қазақстанда ойнау ешкімге оңай емес. Жасанды алаң, матчқа 25 000 билет сатылыпты. Барлығы бізге қарсы болатыны анық. Мұндай алаңда ойнау кез келген командаға қиын. Бірақ шабуыл жасауға тырысамыз. Қазақстан құрамасымен соңғы ойында 63 пайыз допқа иелік етіп, 11 бұрыштама орындалды. Ол кезде мүмкіндігімізді толық көрсете алмадық, осы жолы сол олқылықты толтыруға күш саламыз.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или