Футзал

Қазақстан екі рет камбэк жасап, Әзербайжанды ұтты

Қазақстан екі рет камбэк жасап, Әзербайжанды ұтты

Футзалдан Қазақстан құрамасы Ақтауда Әзірбайжанмен екінші жолдастық кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу голдарға бай болып, 6:5 есебімен қазақстандық ойыншылардың жеңісімен аяқталды.

Бұл ретте Қазақстан құрамасы матч барысында екі рет 1:3 және 3:5 есебімен ұтылып жатқан, бірақ екі рет те қазақстандықтар камбэк жасап, ақыры кездесуде жеңіске жетті.

Кешегі кездесуде қазақстандықтар 5:3 есебімен басым түсті.

Айта кетейік, қазан айында қазақстандық футболшылар 2024 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирінде Словения мен Черногория құрамаларына қарсы ойынын бастайды. Бірінші матч сегізінші қазанда Словенияға қарсы сырт алаңда өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0