Қазақстандық хоккейші түркиялық клуб сапында Құрлықтық кубокта өнер көрсетеді

Елордалық хоккей түлегі Бертан Демирделен Құрлықтық кубокта түркиялық «Буз Адамлар» сапында өнер көрсетеді, деп хабарлайды Рrosports.kz тілшісі Shaiba.kz сайтына сілтеме жасап.
Матчтар 23 қыркүйекте басталады.
Испаниялық «Барселона», литвалық «Хоккей Панкс» және бельгиялық «Льеж» командаларымен бірге клуб В тобына енді.
Қарағандылық «Сарыарқа» турнирді 18 қарашада бастайды. Сондай-ақ «Е» тобында латвиялық «Кардифф» пен «Земгале» өнер көрсетеді. Тағы бір қатысушы клуб екі турдан кейін анықталады, онда A-D топтары ойнайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или