Футзал

Эдсон Қазақстан – Әзербайжан матчындағы жетістігін атап өтті

Эдсон Қазақстан – Әзербайжан матчындағы жетістігін атап өтті

Футзалдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Эдсон 19 қыркүйекте Ақтауда Әзербайжанға қарсы алғашқы жолдастық кездесуден алған әсерімен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Менің Қазақстан құрамасының сапындағы алғашқы голдарым. Дайындықты жалғастырып жатырмыз. Күн сайын жақсарып келеміз», - деп жазды Эдсон Инстаграм парақшасында.

Қазақстан құрамасының қақпашысы әрі капитаны Игита Эдсонды тамаша матчпен құттықтады: «Тамаша! Жарқын сәттерің көп болсын».

Еске салайық, Қазақстан құрамасы Әзербайжанды 5:3 есебімен жеңген болатын. Эдсон бұл кездесудегі бірінші, екінші және бесінші голдардың авторы атанды. Командалар 20 қыркүйекте қайта кездеседі.

Фото instagram.com/edsonfutsal08

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0