Тимур Балтабаев рудныйлық «Аяттан» кететінін жариялады

Тимур Балтабаев Инстаграм желісіндегі парақшасында рудныйлық «Аяттан» кететінін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Бәріне сәлем, менің өмірімнің тағы бір сәті өтті! Мен қаладан және көп нәрсеге қол жеткізген клубтан кетемін!
Мұнда мен жақсы достар таптым және кішкентай, бірақ өте жылы қаланың барлық қызықтарын білдім! Мен клуб басшылығына және алаңда да, сыртта да көп нәрсені үйреткен ойыншыларға алғыс айтқым келеді! Және, әрине, жанкүйерлерге бөлек алғыс айтамын, стадионда осындай жанкүйерлермен және осындай атмосферамен тек биік мақсаттарға қол жеткізгің келеді!
Сондай-ақ осы қалада менің тұңғышым, қызым Сафина дүниеге келді. Мен осында болғаныма өте қуаныштымын.
Рақмет, Рудный! Рахмет, «Аят»! Алаңда кездескенше достар», — деп жазды ойыншы.
Фото instagram.com/mfc_ayat_official