Бокс

Қазақстандық актер кәсіпқой рингтегі дебютінде қарсыласын білді

Қазақстандық актер кәсіпқой рингтегі дебютінде қарсыласын білді

Қазақстандық актер Еркебұлан Тоқтар кәсіпқой рингтегі дебютінде қарсыласын білді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Еркебұлан Тоқтардың қарсыласы ирандық Мохаммадали Гасемзаде болады. Жекпе-жек 2 қазанда Алматыдағы бокс кешінде өтеді.

Гасемзаде ушудан Иран чемпионы және ММА-дан ұлттық чемпионатта жеңіске жеткен. Жас кезінде бокспен айналысып, кейін аралас жекпе-жекке ауысқан.

Еске салайық, бокс кеші Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді. Кештің басты жекпе-жегінде америкалық Джаррел Миллер өнер көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0