Қазақстан - Әзербайжан матчының тікелей трансляциясы

Қазақстан - Әзербайжан матчының тікелей трансляциясы

Бүгін футзалдан Қазақстан құрамасы Әзербайжанға қарсы алғашқы жолдастық кездесуін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч Ақтаудағы «Халық Арена» спорт кешенінде өтеді.

Қазақстан - Әзербайжан матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен 20:50-де басталады. Трансляцияны Qazsport телеарнасынан немесе мына СІЛТЕМЕ арқылы көруге болады.

Келесі күні, 20 қыркүйекте Қазақстан құрамасы Әзербайжанға қарсы тағы бір жолдастық кездесу өткізеді.

Еске салайық, Рикардо Кака шәкірттері футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионатының негізгі кезеңіне дайындықты жалғастырып жатыр. Топтағы қазақстандықтардың қарсыластары Словения мен Черногория құрамалары болады.

Фото kff.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или