«Сарыарқаға» ресейлік шабуылшы ауысып келді

«Сарыарқаға» ресейлік шабуылшы ауысып келді

Ресейлік шабуылшы Иван Захарчук «Сарыарқа» хоккей клубына ауысып келді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қарағандылық клубтың баспасөз қызметі ойыншымен келісімшарт бір маусымға жасалғанын хабарлады.

Ол ҚХЛ-дағы дебютін 2016/17 жылғы маусымында «Сочи» сапында өткізген. Одан бөлек «Торпедо» (Нижний Новгород), «Северсталь» (Череповец), «Адмирал» (Владивосток) командаларында өнер көрсетті. Жалпы 44 матчқа қатысып, 44 (27+17) ұпай.

Тәжірибелі шабуылшы ЖХЛ-да ЦСК ВВС, «Молот Прикамья», «Ладу», «Дизель», «Южный Урал», «Югру» командаларында ойнаған. 

Биылғы маусымды шабуылшы көкшетаулық «Арлан» сапында бастады. Қазақстан кубогында 5 кездесуге қатысып, 4 (2+2) ұпай жинады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или